Басқару сервері және клиент құрылғысы: Қауіпсіздік бағдарламасын басқару

Басқару сервері 13000 қорғалған порты бойынша Желілік агенттерден қосылымдарды қабылдайды (төмендегі суретті қараңыз).

Клиент құрылғысы Басқару серверіне 13000 SSL порты арқылы қосылады. Басқару сервері клиент құрылғысына 15000 UDP порты арқылы қосылады.

Басқару сервері және клиент құрылғысы: қауіпсіздік бағдарламасын басқару, 13000-порт арқылы қосылу (ұсынылады)

Егер сіз Kaspersky Security Center бағдарламасының алдыңғы нұсқаларының бірін қолданған болсаңыз, онда сіздің желіңізде Басқару сервері 14000 қорғалмаған порты арқылы Желілік агенттерден қосылымдарды қабылдай алады (төмендегі суретті қараңыз). Kaspersky Security Center 14.2 нұсқасы да 14000-порт бойынша Желілік агенттерді қосуды қолдайды, бірақ 13000 қорғалған портын пайдалану ұсынылады.

Клиент құрылғысы Басқару серверіне TCP 14000 TLS порты арқылы қосылады. Басқару сервері клиент құрылғысына 15000 UDP порты арқылы қосылады.

Басқару сервері және клиент құрылғысы: қауіпсіздік бағдарламасын басқару, 14000-порт арқылы қосылу (төмен қорғаныс)

Схемаларға түсініктемелер алу үшін төмендегі кестені қараңыз.

Басқару сервері және клиент құрылғысы: Қауіпсіздік бағдарламасын басқару (трафик)

Құрылғы

Порт нөмірі

Портты ашатын процесс атауы

Протокол

TLS (TCP үшін ғана)

Портты тағайындау

Желілік агент

15000

klnagent

UDP

Мәні жоқ

Желілік агенттерге арналған көп мекенжайлы таратылым

Басқару сервері

13000

klserver

TCP

Иә

Желілік агенттерден қосылымдар қабылдау

Басқару сервері

14000

klserver

TCP

Жоқ

Желілік агенттерден қосылымдар қабылдау

Сондай-ақ, қараңыз:

Өзара әрекеттесу схемаларындағы шартты белгілер

Kaspersky Security Center құрамдастары мен қауіпсіздік бағдарламаларының өзара әрекеттесуі: қосымша мәліметтер

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Басына оралу